Абай ұлттық мектебінде VІІІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәстүрлі түрде өтетін бұл олимпиада «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында Абай мұрасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Олимпиадаға 14 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала және 3 Республилалық білім беру ұйымынан 9-11 сынып оқушылары қатысып, сайыста барлығы 112 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде 10 қатысушы І орынға, 16 қатысушы ІІ орынға, 23 қатысушы ІІІ орынға ие болып, 12 қатысушы арнайы грамоталармен марапатталды.

Бұл олимпиада – ұлттық руханиятты дәріптеп, жас буынның ой-өрісін кеңейтетін маңызды алаң.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1209106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді