“Таза Қазақстан” акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 сәуірде Үлкен Нарын ауданының Солоновка ауылдық округінде санитарлық тазалауға және абаттандыруға бағытталған “Таза Қазақстан” жалпыреспубликалық акциясы өтті.

Акцияға округ әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептер, медициналық мекемелер, Мәдениет үйлері, балабақшалар ұжымдары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының өкілдері және барлық бюджеттік ұйымдар қатысты.

Іс-шара аясында келесі жұмыстар атқарылды:
* Иесіз қалған, қалың өскен телімдер тазартылып, абаттандырылды.
* Құрғақ ағаштар санитарлық кесуден өткізіліп, арамен кесілді.

Солоновка ауылдық округінің Әкімдігі барлық қатысушыларға округ аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға қосқан белсенді қатысуы мен үлесі үшін алғыс білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-solonov/press/news/details/1209161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді