
Бүгін – адамзат тарихындағы ең ауыр техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы қайғылы оқиғаға 40 жыл толып отыр.
1986 жылғы 26 сәуірде болған бұл апат миллиондаған адамның тағдырына әсер етіп, қоршаған ортаға орасан зиян келтірді. Біз сол бір қиын кезеңде апаттың зардаптарын жоюға атсалысқан азаматтардың ерлігі мен жанқиярлығын ешқашан ұмытпаймыз.
Чернобыль апаты – бейбіт атомның жауапкершілікпен қолданылуының маңызын еске салатын тарихи сабақ.
Бүгін біз қаза болғандарды еске алып, тірі куәгерлерге алғысымызды білдіреміз.
Олардың ерлігі – ұрпаққа үлгі, тарихқа тағылым.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-chapaev/press/news/details/1209227?lang=kk

Жауап қалдыру