
Абай облысы, Ақсуат ауданы оқушылары арасында мемлекеттік қызметтің құндылықтарын дәріптеу және ерте кәсіптік бағдар беруді ілгерілету мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақсуат ауданы әкімдігінде экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара білім бөлімі, аудан әкімдігі және Қожагелді батыр атындағы орта мектеп арасындағы өзара келісім негізінде өткізілді. Экскурсияға болашақта мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуді жоспарлап отырған биылғы 11-сынып түлектері қатысты.
Оқушыларды аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Балтабаев Мұрат Тоғысбекұлы мен аудан әкімі аппаратының басшысы Жанарбеков Рауан Төлебекұлы мемлекеттік органның жұмысымен таныстырды.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алып, білімдерін кеңейтіп, ой-өрістерін дамытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1209240?lang=kk

Жауап қалдыру