
Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдерді қабылдау басталды.
✅2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
📣Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
📌Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
📡«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
🎭«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
💻«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
💰«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
📽«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
🏆«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
⌛️Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
🔹Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bogenbai/press/news/details/1209345?lang=kk

Жауап қалдыру