«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған, бүгінде бірегей халықтық қозғалысқа айналған жоба.

✅ Шығыс Қазақстан облысы бұл іске алғашқы күннен-ақ белсенді түрде кірісті. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов телекөпір барысында Мемлекет басшысына өңірде жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндады.

🌿Соңғы екі жылда ШҚО елдімекендерінде шамамен 250 мыңға жуық ағаш отырғызылды, ал орман қорында 40 миллионға жуық көшет бар. Аумақтарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді: 30 мың тонна қоқыс шығарылып, 7 мың гектардан астам жер ретке келтірілді. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 200-ден астам бұлақ пен өзен тазартылды.

Биыл тағы 18 миллионға жуық көшет отырғызу жоспарланып отыр.

❗️Телекөпір барысында Мемлекет басшысы жануарларға қатыгездік танытқандарға қылмыстық жазаға дейінгі қатаң шара қолдану қажеттігі туралы айтты. Президенттің бұл сөзі ерекше назар аударуға лайықты. Бұл тек үй жануарларына ғана емес, қаңғыбас жануарларға да қатысты.

♻️Ал бүгін облыс бойынша сенбіліктерге 100 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 25 мың адам – ірі кәсіпорындардың қызметкерлері.
🌲🌲🌲
Мәселен, Үлбі металлургиялық зауыты аумағында 300-ге жуық қызметкер 100 шақты жас шырша мен шетен ағашын екті.

Жалпы, бүгін экогологиялық акцияларға қала және аудан тұрғындары, аула қауымдастықтары мен еңбек ұжымдары белсенді қатысуда. Олар өздері тұратын әрі еңбек ететін жерлерді тазалап, ағаш отырғызып, табиғатты көркейтуге үлес қосуда.

«Таза Қазақстан» Шығыс Қазақстанда жай ғана науқан емес, туған жерге жанашырлықпен қараудың тұрақты дағдысына айналды. Халықтың белсенділігіне қарап, бұл бастама алдағы уақытта да қарқынын арттыра беретіні анық», – деді облыс әкімі.

🔹Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов облыс орталығының бірқатар ауданын, соның ішінде саяжай алқаптары мен жеке тұрғын үй секторларын аралап шықты. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарын тыңдап, әркімнің өз ауласы мен аумағын таза әрі ұқыпты ұстауының маңызын еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1209412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді