Астанада LikeKomek әлеуметтік жобасы алты жылдан бері мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада алты жылдан бері LikeKomek әлеуметтік жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде бастама циркулярлық экономиканы дамытуға және елордада әрі одан тыс жерлерде мұқтаж жандарды қолдауға айтарлықтай үлес қосты.

Бүгінде жоба қала бойынша арнайы жәшіктер түріндегі 170-ке жуық киім қабылдау пунктімен және екі қайырымдылық дүкенімен қамтылған. Жоба іске қосылғалы бері 1 млн 300 мың килограмнан астам тоқыма бұйымдары, соның ішінде киім-кешек, аяқ киім мен ойыншықтар жиналған.

Күн сайын 30-дан астам қызметкерден тұратын команда шамамен 3 тонна затты сұрыптайды. Бұл екі «Газель» көлігіне тең көлем.

Жобаның әлеуметтік жауапкершілігі серіктес ұйымдарды белсенді қолдаудан көрінеді. Ай сайын 20-дан астам «Газель» жүк көлігімен заттар Астана қаласындағы және Солтүстік Қазақстан облысындағы қайырымдылық қорлар мен әлеуметтік мекемелерге жөнелтіледі.

Жоба аясында тоқыма қалдықтарын қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, жарамсыз джинсы маталары Art Master жобасымен бірлесіп жаңа өнімге айналады. Ал ақауы бар тоқыма бұйымдары қолөнершілерге беріліп, олар жіпті тарқатып, жуып, қайта өңдеп, жаңа өнімдер жасайды.

Сонымен қатар жоба әр үш ай сайын қайырымдылық акцияларын өткізіп, пансионаттар, хоспистер және «Ана үйлеріне» тұрақты көмек көрсетіп келеді.

Жоба Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қолдауына ие. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» науқаны аясында да бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

LikeKomek мекенжайлары мен байланыс нөмірлері:

  • LikeKomek дүкені (Заңғар кешені) – күн сайын 10:00-19:00;
  • LikeKomek дүкені (AMIR сауда үйі) – күн сайын 10:00-19:00;
  • LikeKomek қоймасы – дс-жм 08:30-17:00.

 

Қосымша ақпаратты жобаның Instagram парақшаларынан алуға болады: @likekomek және @likekomek_shop.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1209672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді