Ашық есік күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Әділет кеңес береді «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар тұрғындарды қабылдап, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Азаматтарға кешенді құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шара аясында «Құқық кабинеттерінің» жұмысы мен мекен-жайлары туралы ақпараттар айтылды, жасанды интеллект негізінде әзірленген цифрлық көмекші – чат-бот таныстырылды. Қатысушыларға «Тараптар кабинеті» және робот сот орындаушы жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1209744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді