
2026 жылғы 30 сәуірде сағат 11:00-де аудандық мәслихатта сегізінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кезекті ХLІ сессиясы өтеді:
Сессияның қарауына:
1.«2026-2028 жылдарға арналған Шал ақын ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 36/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2.Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 9/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар енгізілді.
Сағат 10.00-де аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalakyn/press/news/details/1209638?lang=kk

Жауап қалдыру