
2026 жылғы 16 сәуір күні Қорғалжын ауданының Мәдениет үйінде «Адвокат кеңес береді» атты тегін заңгерлік көмек көрсету іс-шарасы өтті.
Аталған шараға Астана қаласынан келген тәжірибелі адвокаттар қатысып, аудан тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.
Іс-шара барысында азаматтар алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы рәсімдеу, әлеуметтік мәртебе алу, тұрмыстық және құқықтық дауларды шешу, зорлық-зомбылықтың алдын алу, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек түрлері бойынша сұрақтарына жауап алды.
Шара тұрғындар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, өзекті мәселелер бойынша нақты құқықтық кеңестер берілді.
Осындай пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1209542?lang=kk

Жауап қалдыру