№1 сайлау округінің тұрғындарымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты Әлібек Семғалиев Томарлы ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында №1 сайлау округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Геолог, Мирас, Береке шағын аудандары мен Қайыршақты ауылдық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындары қатысты. Кездесу барысында 2025 жылғы облыстық мәслихат жұмысының қорытындылары, депутаттық сауалдар мен қоғамдық қабылдаулар нәтижелері туралы айтылды.

Тұрғындар тарапынан «Көктем» ықшам ауданындағы асфальт жолдың жоқтығы, тротуар сапасының төмендігі, әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі және абаттандыру жұмыстарының баяу жүргізілуі жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиында көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысы таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1209530?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді