
Шымкентте алғаш рет қала әкімдігінің қолдауымен құмай тазылар арасындағы ашық біріншілік ұйымдастырылады. Бұл жарыс – қазақтың байырғы саятшылық дәстүрін жаңғыртып, жеті қазынаның бірі – тазының қадір-қасиетін насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
Додаға еліміздің 18 аймағынан іріктеліп алынған ең жүйрік, ең таңдаулы 36 құмай тазы қатысады деп күтілуде. Әр аймақтан екі тазыдан сынға түседі. Бұл – тек жарыс қана емес, тазы баптау мәдениетін, саятшылық өнерді және ата-баба мұрасын кеңінен танытатын тағылымды алаң.
Алдағы ашық біріншілік Шымкент қаласында құмай тазы спортының дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға зор үлес қосады деп күтілуде. Көрермендер үшін де бұл жарыс ерекше әсер сыйлайтын, тартысты әрі қызықты дода болмақ.
Жарыс 2026 жылғы 11 мамыр күні Шымкент қаласының жаңа атшабары аумағында өтеді.
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық рухты асқақтататын айтулы додаға куә болуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1209912?lang=kk

Жауап қалдыру