
Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері 8-шағын аудан және Наурыз шағын аудандарында тұрғын үйлерде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қауіпсіздік шаралары мен төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Жаттығу аясында эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету және үйлесімді әрекет ету дағдылары пысықталды. Құтқару қызметтері мен тұрғындар бірлесе жұмыс атқарып, өзара іс-қимыл деңгейі артты.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайларға дайындықты күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1209964?lang=kk

Жауап қалдыру