
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кəсіпкерлік жүзеге асырылған жағдайда салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 215-бабында айқындалған тəртіппен есепке алынады жəне оларға салықтар салынады.
Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың жəне оларға салықтар салудың өзгеше тəртібін көздейтін шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты арнаулы салық режимдері белгіленуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1210071?lang=kk

Жауап қалдыру