
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы
Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру.
Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда:
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі.
Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-abdirov/press/news/details/1210112?lang=kk

Жауап қалдыру