
2026 жылғы 24 сәуірде Шортанды ауданының Пригородное ауылында «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Ауылдың дамуы–өңірдің дамуы» тақырыбында семинар – кеңес өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмаларын орындау мақсатында өтті.
Семинардың негізгі мақсаты ауылдық елді мекендерді абаттандыру жоспарларын өзектендіру, ауылдық округтер әкімдері қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ санитарлық тазарту, көгалдандыру және халықты аумақтарды дамытуға тарту саласында оң тәжірибе тарату болды.
Семинар жұмысы ауылдың әлеуметтік және қоғамдық нысандарын көшпелі тексеруден басталды. Қатысушылар фельдшерлік-акушерлік пунктке барды, онда ғимараттың және оған іргелес аумақтың жай-күйіне, сондай-ақ абаттандыру деңгейіне баға берілді. Әрі қарай демалыс саябағы мен балалар ойын алаңы қаралды. Тұрғындар үшін нысандардың санитарлық жағдайы, қауіпсіздігі, жарықтандыру және қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның тәжірибелік бөлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызумен жалғасты. Аумақты көгалдандыруға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және ауданның жас ұрпағы қатысып, экологиялық жағдайды жақсартуда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетті.
Семинардың келесі бөлімі аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасованың модерациясымен өтті. Сарапшы ретінде Шортанды ауданының әкімі С. Шабаров сөз сөйледі.
Отырыс барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Пригородный ауылдық округінің әкімі Н.Пистрюга абаттандыру және халықты аумақты дамытуға тарту тәжірибесімен бөлісті.
Аудандық мәслихаттың депутаты Е. Васильева ауылдық елді мекендерді абаттандыруды дамыту эстетика мәселесі ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын арттырудың, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың және жайлы ортаны қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жағдайында биліктің барлық деңгейлерінің ашықтығы, есептілігі және азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге тартылуы ерекше маңызға ие. Осыған байланысты депутаттық корпустың рөлі айтарлықтай артып келеді.
Аудандық мәслихаттың депутаты М. Бекішев елді мекендердің санитарлық жағдайының проблемалық мәселелерін белгілеп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Талқылау аясында қатысушылар пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарын қойып, ауылдық аумақтарды абаттандыру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.
Семинар қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендердің жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар әзірлеу, оларды дамытудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде жұмысты одан әрі нығайту күтілуде.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1210097?lang=kk

Жауап қалдыру