Түркістан облысының ауыр атлетикадан құрама командасы Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.
Жеке жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатында Түркістан өңірінен қатысқан бірқатар спортшылар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 79 келі салмақ дәрежесінде Ирсали Нұрмұхаммед жүлделі II орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруден 128 келі, серпе көтеруден 153 келіні бағындырып, жалпы нәтижеде 281 келі салмақты орындап, күміс медаль еншіледі.
Лесбек Райян 53 келі салмақта II орын жүлдегері атанды. Ол жұлқа көтеруден 55 келі, серпе көтеруден 68 келіні бағындырып, жалпы нәтижеде 123 келі салмақты орындап, күміс медальға ие болды.
Сонымен қатар, Абзал Шәміл 94 келіден жоғары салмақта қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Ол жұлқа көтеруден 120 келі, серпе көтеруден 150 келіні бағындырып, жалпы нәтижеде 270 келі салмақты орындап, қола жүлдегер атанды.
Одан өзге, қазіргі уақытта Түркістан ауыр атлетшілерінің ересектер арасындағы спортшылары Талдықорған қаласында өтетін ҚР Чемпионатына дайындық үстінде. Аталған бәйгеде өңірден 10-ға жуық спортшы бақ сынайтын болады.
Жауап қалдыру