“Ардагерлер әуендері” облыстық ән фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін өңірімізде ардагерлер арасында «Ардагерлер әуендері» атты облыстық ән фестивалі өтті.

Шараны Атырау облыстық Ардагерлер кеңесі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Фестивальге қала мен аудандардан 18 өнерпаз қатысып, халық композиторлары мен жергілікті сазгерлердің әндерін орындады. Әрбір қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Іс-шараның мақсаты – халық ән өнерін дәріптеу және ұлттық мұраны насихаттау.

Қорытындысында барлық қатысушылар «Лауреат» атанып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1210163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді