
Мақсұт Нәрікбаев университетінде (MNU) «Орталық Азиядағы аса маңызды минералдар және байланыс: өңірдің жаһандық құн тізбектеріндегі және геоэкономикалық әріптестіктегі рөлін қайта қарау» тақырыбында халықаралық сараптамалық семинар өтті.
MNU жанындағы Жаһандық және өңірлік басқару орталығы (CEGREG) ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік салалық органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен еуропалық жоғары оқу орындарының профессорлары қатысты. Семинар барысында өңірдің жаһандық экономикадағы рөлі мен индустриялық даму перспективалары талқыланды.
Жиында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмір саласы мен көмір химиясын дамытуға қатысты ұстанымын таныстырды. Министрлік дерегінше, елдегі расталған көмір қоры энергетикалық және шикізаттық базаны 300 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етеді.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаһандық нарықтың өзгеруі жағдайында көмірді дәстүрлі жағудан гөрі оны терең өңдеуге көшу басым бағытқа айналып отыр. Көмір химиясын дамыту синтетикалық отын мен минералды тыңайтқыштар сияқты жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бағыт саланың технологиялық жаңғыруына, «жасыл» трансформацияға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1210217?lang=kk

Жауап қалдыру