Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас Прокурордың 2026 жылғы 21 сәуірдегі бұйрығымен әділет кеңесшісі Абзал Мұқатұлы Ташмағамбетов Жангелді ауданының прокуроры болып тағайындалды.

А.М.Ташмағамбетов, 1987 жылы туған, Қостанай облысы Науырзым ауданының тумасы.

2010 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай облыстық мемлекеттік университетін бітірген.

Қостанай облысының прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2012 жылдың мамыр айында Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

Осы жылдар ішінде Қостанай облысы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасы Қостанай облысы прокурорының көмекшісі және Қостанай облысы прокурорының жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарған.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап Қостанай облысы прокурорының өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 14 жылдан астам.

                                           Қостанай облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1210215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді