Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17–18 сәуір аралығында Семей қаласында 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан қалалық турнир өтті.

Жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасында экстремизмнің алдын алуға бағытталған. Турнирге 30 келіден бастап 70+ келіге дейінгі түрлі салмақ дәрежелерінде жас спортшылар қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты — бокс спортын танымал ету, өскелең ұрпақтың спорттық шеберлігін арттыру және облыстық біріншіліктерге қатысу үшін қалалық құрама командаға ең мықты былғары қолғап шеберлерін іріктеу.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар «Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1210212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді