Мөңке би ауылында футбол алаңы салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен облыстық «Үлгілі ауыл» конкурсында III орын иеленіп, 10 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие болған Мөңке би ауылдық округінде игі іс жүзеге асты.

Аталған қаржыға ауыл орталығынан шағын футбол алаңы салынды.

Жаңа спорт нысанының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында ауыл әкімі Д.Әмірханов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл үлкендері тілектерін айтып, баталарын берді.

Ауыл жастары жаңа футбол алаңында алғашқы ойынды өткізіп, қуаныштарын бөлісті.

Бұл нысан ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1210275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді