Полиция 250-ге жуық оқушыға профилактикалық ақпарат берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының полицейлері жастар арасында құқықтық және рухани бағыттағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері
діни экстремизм, терроризм және кері ағымдардың алдын алу, сондай-ақ жастар арасында рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында кездесу өткізді. Оған мектептердің 9–11 сыныбының 250-ге жуық оқушысы қатысты.

Кездесуге теолог маман Арыстан Оспанов, полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Сарсенкулов пен полиция бөлімі Ювеналды полиция тобының бастығы Жанболат Ахметов қатысты.
Шара барысында спикерлер адалдық, мейірімділік, сабырлылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді рухани құндылықтардың қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті.

Сонымен қатар дінді дұрыс түсіну, жалған және теріс ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді. Жастар білім алуға, ұлттық дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге, ата-ананы сыйлауға шақырылды.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын сақтау мен күшейтудің маңыздылығын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1210280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді