Наурыз мейрамы аясында өткен ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Пресновка ауылының орталық стадионы мен Кожаберген жырау атындағы мектеп алаңында өткен сайыстарға спортшылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Аударыспақ, теңге алу, бес тас және тоғызқұмалақ ойындары бойынша тартысты бәсекелер өтті. Қатысушылар ұлттық дәстүрді дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен қатар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл мерекелік шара ауыл тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, Наурыздың рухын айшықтай түсті.
Осындай жарыстар ұлттық спортты дамытуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ofks-zhambyl/press/news/details/1210382?lang=kk

Жауап қалдыру