Алтай ауданында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі алдағы референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің сериясы жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Кезекті кездесу Жаңа Бұқтырма кентінде «Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінің Жылу-су орталығы» КМК қызметкерлерімен өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға елдің Негізгі заңына енгізілетін өзгерістердің себептері және олардың азаматтарға қандай жаңа мүмкіндіктер беретіндігі туралы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ адамның цифрлық құқықтары тақырыбына ерекше назар аударылды. Енді мемлекет цифрлық кеңістіктегі жеке деректерді, хат алмасуларды, фотосуреттерді және басқа да ақпараттарды нақты өмірдегідей қатаң түрде қорғайды.

Кездесу ашық әңгіме форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1210426?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді