Қоғамдық кеңес пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібіне қала аумағын абаттандыру және оның сәулеттік келбетін жақсарту, Алтай ауданындағы көше жарықтандыруының жағдайы, «Алтай қаласының жылу-су орталығы» КМК қызметі, сондай-ақ көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері енгізілді.
Отырыс барысында қоқыс контейнерлеріне арналған қосымша алаңдар ұйымдастыру, аялдама павильондарын орнату, саябақ аумақтарын абаттандыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ қалада қосымша бағдаршамдар орнату мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта мұқтаж отбасыларға 18 пәтер мен тұрғын үй бөлініп берілді, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды. Баяндамашыларға алдағы жұмысты тиімді ұйымдастыру және жоспарланған іс-шараларды іске асыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1210425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді