Алматыда Конституцияның әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі тақырыбында жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық кітапханасында «Әділетті қоғамның тірегі – жаңа Конституция» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқықтанушылар, әскери қызметшілер, студенттер және оқушылар қатысты.

Іс-шара жастардың құқықтық сауатын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және конституциялық реформаның маңызын түсіндіруге бағытталды.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі қағидалары түсіндіріліп, оның әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі мен азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мәселелері де көтерілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1210606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді