
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіледі, онда жеке тұлғалардың мүліктік табысына салық салу бөлігінде өзгерістер көзделген.
1. Мүліктік табыс қашан туындайды?
Мүліктік табыс мүлікті сатып алу құнынан жоғары бағамен сату кезінде (құн өсімі) туындайды.
2. Тұрғын жылжымайтын мүлікті сату
Төмендегі объектілерді сату кезінде, егер мүлік меншік құқығында 2 жылдан аз болған жағдайда, мүліктік табыс туындайды:
✔ пәтер;
✔ тұрғын үй;
✔ саяжай;
✔ гараж;
✔ автотұрақ орны;
✔ қойма;
✔ жер учаскесі;
✔ жер учаскесіндегі үлес;
✔ жеке қосалқы шаруашылық объектілері.
Егер иелену мерзімі 2 жыл және одан көп болса — салық туындамайды
(өзге негіздер болмаған жағдайда).
Сонымен қатар, Салық кодексінің 842-бабына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін табысқа қатысты өтпелі ережелерге сай:
Салық кодексінің 383-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады, және осы кезеңде аталған тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары, қоймалар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері — меншік құқығында мына мерзімнен аз болған жағдайда:
– меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген болса — 1 жылдан кем;
– меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген болса — 2 жылдан кем.
3. Тұрғын емес жылжымайтын мүлікті сату
Төмендегі объектілерді сату кезінде мүліктік табыс иелену мерзіміне қарамастан туындайды:
✔ дүкен;
✔ офис;
✔ қойма;
✔ коммерциялық үй-жай;
✔ өндірістік база;
✔ өзге де тұрғын емес мүлік.
Яғни, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Салық кодексінің 382-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілгендерден басқа жылжымайтын мүлік — меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан.
4. Мұрагерлік немесе сыйға алу арқылы алынған мүлік
Егер мүлік мұрагерлік арқылы алынған болса — Салық кодексінің 383-бабы 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны — оны сату (беру) кезінде нарықтық құн болып табылады.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 383-бабы 9-тармағына сәйкес:
- нарықтық құн — бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт негізінде жүргізілген бағалау туралы есепте көрсетілген, мүлікке меншік құқығы туындаған күндегі құны болып табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұрагерлік мүлік үшін — сол мемлекет заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы жүргізген бағалау құжаты негізінде анықталады.
Нарықтық құн салық төлеуші тарапынан мүлік сатылған (берілген) салық кезеңі үшін табыстар мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінен кешіктірмей айқындалуы тиіс.
✔ сыйға тарту шарты бойынша немесе өзге де өтеусіз негіздермен алынған мүлік — Салық кодексінің 383-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, бастапқы құны бағалау құны болып табылады (жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын объектілер үшін).
Сонымен қатар, 383-баптың 9-тармағы 2) тармақшасына сәйкес:
бағалау құны — мүлікке меншік құқығы туындаған жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік корпорация айқындаған мүлік салығын есептеу үшін белгіленген құн.
5. Көлік құралын сату
Автокөлік, мотоцикл және өзге де көлік құралдарын сату кезінде, егер олар меншік құқығында 1 жылдан аз болған болса, мүліктік табыс туындайды.
Егер иелену мерзімі 1 жылдан көп болса — салық туындамайды.
6. Салық мөлшерлемелері
2026 жылдан бастап ЖТС бойынша прогрессивті мөлшерлеме қолданылады:
✔ 8 500 АЕК-ке дейінгі табыс сомасына — 10%;
✔ 8 500 АЕК-тен асатын бөлігіне — 15%.
7. Салық төлеушінің міндеттері
Жеке тұлға дербес түрде:
✔ салық сомасын есептеуге;
✔ декларация тапсыруға;
✔ ЖТС-ты белгіленген мерзімде төлеуге міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1210599?lang=kk

Жауап қалдыру