
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру. Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда: Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі. Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.VII районный форум по профессиональной ориентации «ПУТЬ В БУДУЩЕЕ» В культурном центре имени Ш. Жандарбековой, состоялся VII районный форум по профессиональной ориентации «ПУТЬ В БУДУЩЕЕ». Основная цель мероприятия – помочь учащимся правильно определиться с выбором профессии и познакомить их с востребованными специальностями на рынке труда. В форуме приняли участие 4 высших учебных заведения и 4 колледжа. В их числе: Карагандинский университет имени академика Е. А. Букетова, Карагандинский технический университет имени А. Сагинова, Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, академия «Болашак», а также сельскохозяйственный колледж имени М. Адекенова города Каркаралы, Карагандинский колледж экономики, бизнеса и права, Карагандинский высший гуманитарный колледж и Карагандинский железнодорожный колледж. В форуме приняли участие учащиеся 9–11 классов, родители и педагоги образовательных организаций района. В ходе мероприятия учащиеся смогли задать интересующие их вопросы по выбранным профессиям и получить на них ответы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-besoba/press/news/details/1210591?lang=kk

Жауап қалдыру