
Қарағандыда жарты миллион теңгелік мопедті айдап кеткен жасөспірім ұсталды. Қарағанды қаласының аулаларының бірінде белгісіз адам қолайлы сәтті пайдаланып, қараусыз қалған мопедті айдап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, екі дөңгелекті көлік құралының құны 500 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы қалада тұратын 14 жастағы жасөспірім болып шықты. Жасөспірім өз кінәсін толық мойындады, ал ұрланған мопед заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қарағанды облысының Полиция департаменті азаматтарды, әсіресе жаз мезгілінде, қырағылық танытуға шақырады. Жаздың келуімен екі дөңгелекті көлік иелері оны қараусыз қалдырып жатады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жиі ұрлыққа әкеледі. Қарапайым сақтық шараларын сақтау – сіздің мүлкіңіздің қауіпсіздігінің кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1210625?lang=kk

Жауап қалдыру