Ақтауда 100 тоннаға жуық заңсыз төгілген қоқыс шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда. Кезекті санитарлық шара Промзона-3 аумағында жүзеге асырылды.

Аталған жұмыстарға 10-ға жуық арнайы техника тартылды. Нәтижесінде көрсетілген аумақтан шамамен 100 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Құрметті қала тұрғындары, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1210681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді