🔰 БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БРИФИНГ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАРҚАТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Бүгін Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы қоғаммен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында бұқаралақ ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу брифингісін өткізіп, Түркістан облысында еңбек заңнамасы саласындағы атқарылған жұмыстарының нәтижелері мен AI (жасанды интеллект) енгізу еңбек тәуекелдерін ерте анықтауға беретін мүмкіндігі туралы мәселе бойынша брифинг өткізді.
 
🔹 Брифинг барысында Мұрат Сағынұлы өңірдегі еңбек қатынастарын реттеу, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында атқарылған негізгі жұмыстар туралы баяндады. Оның ішінде, Департаменттің еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылаудың жай-күйі туралы, Департаментке келіп-түскен арыз-шағымдарының орындалуы, жүргізілген тексерулер мен атқарылған заңбұзушылықтар, ол бойынша берілген нұсқамалар мен олардың орындалуын тарқатып өтті.
 
🔹 Сонымен қатар, өндіріс орындарында орын алған жазатайым оқиғалар бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасап, жұмыс берушінің жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын рәсімдеу тәртібі туралы, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылмаған міндетті зейнетақы жарналарына мониторинг жасап өтті.
 
🔹 Брифинг соңында Департамент басшысының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, осы бағытта атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта да ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жүйелі түрде жүргізілетіндігін атап өтіп, алдағы уақытта азаматтарға түсіндіру жүргізуде бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1210779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді