Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен жаңартылатын энергетика жобаларын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен жаңартылатын энергетика жобаларын талқылады

Бүгін, 28 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қытайлық «China Resources Power» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өңір аумағында жаңартылатын энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

Компания өкілдері Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтіп, Маңғыстау облысында компаниясының қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, әлеуметтік-экономикалық өсімге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жобаларды заң аясында қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытты.

Айта кетейік, «China Resources Power» компаниясы – Гонконг пен Қытайдың материктік бөлігіндегі ірі көпсалалы корпорациялардың бірі. Компания тұтыну тауарлары, кешенді энергетика, денсаулық сақтау, технологиялар мен дамушы салалар, өнеркәсіптік қаржыландыру, қалалық құрылыс және пайдалану бағыттарында жұмыс істейді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1210857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді