Өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша ағымдағы жылы төмендегідей фитосанитариялық іс-шаралар көзделген:
аса қауіпті зиянды организмдер бойынша зерттеу жұмыстары 233,26 мың га алаңда жоспарланған; зиянды организмдер бойынша – 19,2 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің (АШТӨ) жерлерінде – 9,4 мың га;
аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы республикалық бюджет есебінен химиялық іс-шаралар Шарбақты ауылдық округінде италиялық прусқа қарсы -0,720 мың га алаңда жоспарланған.
Пестицидтерді сатып алу және тасымалдау, сондай-ақ химиялық өңдеу қызметтерін қоса алғанда мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде (ҚР АШМ АӨК МИК) орталықтандырылған тәртіппен жүргізіледі және жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер айқындалады.
Шегірткелердің дараланбаған түрлеріне қарсы химиялық іс-шаралар аудан бойынша -8,568 мың га алаңда жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік жер қорында – 5,568 мың га, ал АШТӨ жерлерінде – 3,0 мың га.
Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
«Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-нің жазғы-күзгі зерттеулері деректері бойынша аудан аумағында шегіртке зиянкестерінің санының артуы және биологиялық көтерілуі байқалуда.
Аудан аумағында карантиндік объектілердің 3 түрі таралған: зиянкестерден – қарағайдың қара ұзынмұрты, арамшөптерден – жатаған (қызғылт) кекіре және дала шырмауықшасы. Карантиндік аймақтарда карантиндік объектілердің ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыстық аумақтық инспекцияның іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс әкімінің орынбасарының 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 7/1 қаулысымен бекітілген. Осы жоспарға сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан бойынша бірқатар профилактикалық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы карантиндік арамшөптермен залалданған жалпы аумақ – 20,06 га, оның ішінде жатаған укекіре бойынша – 12 га, ал арам сояу бойынша – 8,06 га.
Жатаған укекіреге қарсы өңдеу көлемі – 0,78 га, оның ішінде мемлекеттік қор жерлерінде – 0,78 га (Қызылағаш ауылдық округі, Ертіс өзенінің жайылмасы).
Арам сояу қарсы өңдеу көлемі – барлығы 0,76 га, оның ішінде мемлекеттік қор жерлерінде – 0,75 га (Жамбыл ауылдық округі – 0,15 га, Аққулы ауылдық округі – 0,51 га, Ямышев ауылдық округі – 0,1 га), ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерінде – 0,01 га (Аққулы ауылдық округі), сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» жерлерінде Павлодар–Семей автожолы бойында жүргізіледі.
Көктем-жаз кезеңінде «Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-мен бірлесіп, аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерді анықтау бойынша бірлескен бақылау зерттеулері жүргізілетін болады.
Жыл сайын карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары (республикалық бюджет қаражаты есебінен) мемлекеттік қор жерлерінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты ұйым – «Фитосанитария» РМК арқылы жүргізіледі. Аталған мекеме қажетті техникамен (Кaффини бүріккіштері, ОП-2000, АТ-2090) қамтамасыз етілген. Ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және «ҚазАвтоЖол» жерлерінде өңдеу жұмыстары өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Сонымен қатар, көктем-жаз кезеңінде «Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-мен бірлесіп, Павлодар облысымен шектесетін аумақтарда – Абай облысы және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Михайлов ауданы бағытында аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің таралуын анықтау бойынша бірлескен бақылау зерттеулерін жүргізу жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөгде түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) сәйкес – 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Фитосанитариялық сертификат – карантиндік өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкету үшін беріледі. Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді.
«Карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелуді келісу».Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге келісім хаты немесе оны беруден дәлелді бас тарту өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
«Карантиндік арамшөптердің тұқымдары мен жемістерін тіршілікке қабілетсіз ету технологияларын қолданатын астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін өңдеумен айналысатын объектілерге, сондай-ақ ағаш қаптама материалдарын залалсыздандыру және таңбалау бойынша есептік нөмір беру». Қызмет алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, карантиндік өсімдіктер жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде карантиндік объектіні Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігіне тексеру үшін барып қарайды.
Аталған мемлекеттік қызметтер агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі «е-Agriculture» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ИС ЕАСУ) арқылы тегін негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1210846?lang=kk

Жауап қалдыру