
Бүгінде қала аумағында орналасқан сауда базарларын заманауи талаптарға сәйкестендіру жұмыстары қолға алынды. Соған орай арнайы бекітілген Жол картасы аясында 15 сауда базарын қайта жаңғырту көзделген.
Қазіргі таңда «Нұралы», «Салтанат», «Якка сарай» базарлары қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Ал «Жібек жолы» базарында бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Бұл жұмыстар тек сатып алушыларға ғана емес, сонымен қатар сатушыларға да ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1210879?lang=kk

Жауап қалдыру