2026-2027 жылдары туризм саласында 4 жоба жүзеге асырылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараздың тарихи-географиялық орны туризм саласын дамытуға мол мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда шаһарда 28 туристік ұйым, 123 орналастыру орындары, 9 туристік нысандар қызмет атқаруда. Аталған нысандар инфрақұрылыммен толық жабдықталған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға келген туристер саны 117 702 адамды құрап, көрсеткіш бір жылда 9 пайызға өсті.

Ағымдағы жылы туризм саласына салынған инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 есеге артты. 2026-2027 жылдары туризм саласында 4 инвестициялық жоба іске асыру көзделген.

Туризмді дамытуға жергілікті бизнес өкілдері де үлкен қосуда. Нәтижесінде жаңа қонақ үйлер желісі кеңейіп, мейрамханалар, тамақтану орындары ашылып, демалыс аймақтары салынып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1210876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді