КЕЛЕС: АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Келес ауданында 60 жастан асқан ардагерлер арасында шахматтан аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Зияткерлік додаға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан басшысы ардагерлердің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығы жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сондай-ақ мұндай жарыстардың бірлік пен татулықты нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зияткерлік қабілеттерін дамыту және өзара сыйластықты арттыру. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін паш етті.
Шахмат сайысы тек бәсекеге ғана емес, достық қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік берді. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, жылы атмосферада ойын өрбітті. Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1210893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді