ТАЗАЛЫҚ — ТАБАЛДЫРЫҚТАН: КЕЛЕС ЖҰРТШЫЛЫҒЫ «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА» ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында Келес ауданында «Жасыл болашақ» акциясы өтті. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара халықтың экологиялық мәдениетін арттыруды және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуды көздейді.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тікелей қатысуымен басталған бұл игі шараға 15 мыңға жуық аудан тұрғыны, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар біркісідей атсалысты. Акцияның бастауында аудан басшысы «Жеңіс» саябағында сәндік гүлдерді отырғызу жұмыстарына қатысты. Мұнан соң Т.Рысқұлов көшесінің бойымен жаяу жүріп өткен Жәнібек Есенұлы әкімдік қызметкерлерімен бірге жол жиегіндегі қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны таза ұстау бойынша көпке үлгі көрсетті.
– Тазалық – табалдырықтан басталады. Бүгінгі «Жасыл болашақ» акциясы тек бір күндік науқан емес, бұл біздің туған жерімізге деген сүйіспеншілігіміз бен келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі, – деді іс-шара басында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Жұмыс тобы жаяу жүру барысында аудандық емхана маңындағы гүлзарға барып, ондағы сенбілік жұмыстарына да белсенді атсалысты. Акция аясында елді мекендер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді.
Бір күн ішінде аудан бойынша 10 мыңнан астам сәндік гүлдер егіліп, 1000-нан астам түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Жұмыстардың сапалы әрі жедел атқарылуына 20 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде аумақтардан 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1210898?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді