Қазақстан Женевадағы БҰҰ форумында су және денсаулық саласындағы тәжірибесін ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Комитеттің бас сарапшысы Дияс Жұмабаев қазақстандық делегация құрамында Женева қаласында өткен БҰҰ ЕЭК Тұрақты даму жөніндегі өңірлік форумына қатысты. Талқылау барысында ТДМ 6 «Таза су және санитария» аясында Қазақстан су саясатын және халық денсаулығын қорғауды ықпалдастыру тәжірибесін таныстырды.

Қауіпсіз ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету Қазақстан мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретіні атап өтілді. 2025 жылғы бағалау қорытындысы бойынша халықтың 98%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылған, оның ішінде қала халқының 99,9%-ы және ауыл халқының 94,7%-ы.

2026 жылы Қазақстан Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамаға қосылып, келісімнің 30-тарабы атанды. Қазіргі уақытта елде оның ережелерін іс жүзінде іске асыру басталды: ұлттық мақсатты көрсеткіштер қалыптастырылуда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен сектораралық өзара іс-қимыл күшейтілуде.

Форумға қатысу тәжірибе алмасуға және ТДМ 6-ға қол жеткізу бойынша алдағы қадамдарды талқылауға мүмкіндік берді. Қазақстан қауіпсіз су мен санитарияға қолжетімділікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бейілділігін растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1210947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді