Елордалық оқушы Еуропада абсолютті жеңімпаз атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының оқушысы Марғұлан Шарел Еуропалық математикалық олимпиадада (EMO) абсолютті жеңімпаз атанып, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

23-29 сәуір күндері Литваның Вильнюс қаласында өткен European Mathematical Olympiad (EMO) халықаралық білім додасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған беделді олимпиадаға Еуропа және басқа да елдерден дарынды оқушылар қатысып, математикалық білім деңгейін халықаралық аренада сынға салды.

Осы додада Марғұлан Шарел абсолютті жеңімпаз атанып, үздік нәтиже көрсетті. Ол – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы.

Марғұланның бұл жетістігі – жоғары деңгейдегі дайындықтың, табандылықтың және терең білімнің айқын көрінісі.

алықаралық деңгейдегі мұндай жеңіс еліміздің зияткерлік әлеуетінің жоғары екенін дәлелдей отырып, Қазақстанның білім саласындағы беделін арттыра түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1211149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді