ТҮРКІСТАНДА ӨҢЕШІНЕ ИНЕ ТҰРЫП ҚАЛҒАН 9 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
▪️Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметі арқылы 9 айлық сәби шұғыл түрде жеткізілді.
▪️Белгілі болғандай, сәби абайсызда ине жұтып қойған. Тез арада аурухана мамандары — хирург Темірбеков Мұхагали және эндоскопист Ырысқұлов Бабыр эндоскопиялық әдісті қолдана отырып, рентгенологиялық тексеру жүргізді. Нәтижесінде бөгде заттың нақты орналасқан орнын анықтап, өңеште тұрып қалған бөгде затты сәтті түрде алып шықты.
▪️Медициналық көмек жедел әрі кәсіби көрсетілуінің нәтижесінде ықтимал асқынулардың алдын алу жұмыстары сәтті аяқталды.
▪️Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Сәби дәрігерлердің бақылауында болып, үйіне шығарылды.
▪️Дәрігерлер, ата-аналарға балалардың қолы жететін жерде ұсақ әрі өткір заттарды қалдырмауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1211184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді