
📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР!
Алматы облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырылатын түрлі шараларда ақша жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ресми түрде ескертеді!
🚫 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және жалдамалы пәтерлерде өткізуге;
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
Мерекелік іс-шараларға аниматорларды, шоу-бизнес өкілдерін немесе ақылы мамандарды шақыруға;
Қала ішінде автокортеждер ұйымдастыруға.
✅ Рұқсат етіледі:
Бітіру кештері мен аттестат тапсыру рәсімдері тек мектеп қабырғасында, бекітілген жоспар бойынша және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілуі тиіс.
Балаларымыздың қауіпсіздігі мен болашағы — біздің басты міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1211348?lang=kk

Жауап қалдыру