
2026 жылғы 28 сәуір күні Қаражиде ауылында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат беру болды.
Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындарға құқықбұзушылықтың түрлері, оның салдары және заң алдында жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Осындай жұмыстар қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1211346?lang=kk

Жауап қалдыру