
2026 жылғы 4 сәуір күні Қаражиде ауылында нашақорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен ауыл тұрғындары арасында есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың құқықтық және медициналық салдары жөнінде ақпарат беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға нашақорлықтың қоғам мен адам денсаулығына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндіріліп, зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық шараға ауыл жастары мен тұрғындары белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай іс-шаралар жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға, қоғамда қауіпсіз әрі дені сау орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1211319?lang=kk

Жауап қалдыру