Көкшетау қаласында «Ілияс Есенберлин Тарихтың алтын қаламы» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 8–11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Есенберлин: Тарихтың алтын қаламы» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи таным көкжиегін кеңейту, ұлттық әдебиетке деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ жазушы шығармаларын зерделеу арқылы олардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін ашу.

Отырыс жұмысына:

– Жәмбек Сәбит Нұрмұхамбетұлы — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты;

– Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы — Атбасар ауданы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейінің меңгерушісі;

-Оразов Еркін Жаргөлбайұлы — «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы қатысты.

Конференция ғылыми коворкинг форматында — пікір алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған ашық алаң ретінде ұйымдастырылды.

Модераторы — Қарасартова Шаттық Қаналбековна, Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Конференция қорытындысы бойынша қонақтарына алғыс хаттар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1211312?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді