
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында СҚО ТЖД қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік медиация кеңесінің мүшесі Болат Базарбаевпен кездесу өткізді. Іс-шара барысында облыстық Ассамблея өкілі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, әсіресе этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сөз сөйлеу барысында сепаратизмнің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне жеке тоқталды. АНК өкілі облыстық Ассамблея мен СҚО ТЖД арасындағы қалыптасқан сындарлы әрі іскерлік өзара іс-қимылды атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында ол қатысушыларды алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, бейбітшілік, келісім және амандық тіледі.
«Өз Отаныңның патриоты болу – оны жүрегіңде алып жүру деген сөз!» – деп, Болат Қасенұлы өз сөзін департаменттің жеке құрамы қошеметпен аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1211311?lang=kk

Жауап қалдыру