Зеренді ауданында Шағалалы ауылына жол жөндеу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Зеренді ауданында Шағалалы ауылына жол жөндеу жұмыстары басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолын орташа жөндеуге кірісті. Ұзындығы 3 км жол Приречное және Павловка ауылдарымен көлік қатынасын қамтамасыз ете отырып, ауданның көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Аудандық биліктің айтуынша, трассаны жаңарту көлікке қолжетімділікті жақсартады, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және жол жүру уақытын қысқартады. Бүгінгі таңда жол учаскелерін тегістеу, ағашбұта өсімдіктерінен бөлу жолағын тазарту, сондай-ақ негізді төгу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр,деді РСУ16 ЖШС учаске бастығы Данияр Сәдуақасов. Осы жолмен күн сайын қалаға, ауруханаға, ауданға жұмысқа барамыз. Бұрын, әсіресе қолайсыз ауа-райында, қозғалу қиын болатын. Жұмыстың қалай жүргізіліп жатқанын көріп, жөндеу жұмыстарының аяқталуын күтеміз, деді Шағалалы ауылының тұрғыны Алмас Әбділманов. Айта кетейік, осы бағытта ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жалғасудаКөкшетау қаласынан Зеренді ауылына дейінгі 47 шақырым автомобиль жолын үш жолақты қозғалыс құрылғысымен қайта жаңарту. Өткен жылы басталған жоба соңғы сатысында. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жолдың өткізу қабілетін ұлғайту қамтамасыз етіледі және Зеренді ауданының туристік әлеуетін дамыту үшін қосымша серпін жасалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1211305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді