Әуежайы қызметкерлері мен жолаушылар арасында ақпараттық акция өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында 2026 жылғы 13 сәуірде Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Түркістан халықаралық әуежайы қызметкерлері мен жолаушылар арасында ақпараттық акция өткізді. Акция барысында жұқпалы аурулардан қорғану құқығы түсіндіріліп, иммундаудың алдын алудағы тиімділігіне ерекше назар аударылды. Вакцинация адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғап, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ қызылшаның алдын алу және оны уақтылы анықтау мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға алдын алу шаралары, ауру белгілері және алғашқы симптомдар байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы ұсынымдар берілді. Қатысушыларға ақпараттық материалдар (жадынамалар, лифлеттер, буклеттер) таратылып, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1211376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді