Қоғамдық талқылау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қатысушылар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы талқылады.

Болашақ тұрғын үйдің мекенжайы – Астана қаласындағы Мәңгілік ел даңғылы мен Хұсейн бен Талал, Е152, Е153 (жобалық атаулары) көшелерінің шекарасы

«Luna-2» деп аталынатын кешеннің жер учаскесінің аумағы – 0,4 га құрайды.

Автотұрақ ауданы – 2058,1 м2

Автотұрақсыз ғимараттың жалпы ауданы – 14 183, 2 м2.

Пәтерлер саны – 144

Тұрғындар саны – 395.

Құрылысқа өтініш беруші ұйым өкілінің айтуынша, жоба Құрылыс нормалары мен ережелеріне сай жүргізіледі және аумаққа қажетті инженерлік жүйелер де өткізілген.  Сондай-ақ, 1-ші қабатта түрлі коммерциялық нысандар болады деп жоспарлануда.

Алдын-ала дауыс беру нәтижесі бойынша жоба қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Екі жұмыс күні ішінде қоғамдық талқылаудың қорытындысы хаттама түрінде рәсімделіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланатын болады.

Құрметті қала тұрғындары!

Қоғамдық талқылауларға белсенді қатысып, өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1211416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді