
Таразда полицейлер мас күйінде көлік айдаған әйелді ұстады
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген локальдік іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзған «Toyota Prado» маркалы автокөлік тоқтатылды.
Тексеру кезінде көлік жүргізген 50 жастағы азаматшаның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.
Арнайы медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оның масаң күйде болғаны расталды.
Аталған азаматшаға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Жыл басынан бері қала аумағында көлікті мас күйінде басқарған 196 тұлға анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1211413?lang=kk

Жауап қалдыру